Жиында алғаш сөз алған Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының әкімі Аққағазов Мамырғали Досқұлұлы түлектерге жылы лебізін білдіріп, қала, облыс, республика көлемінде өз білімдерін көрсете білген дарынды оқушыларды марапаттады.
Оқу жылының аяқталуына орай мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралиевна түлектерге құттықтау сөзін айтып, жыл қорытындысы бойынша ең үздік білім алушыларды марапаттады.
Жиын барысында түлектер алтын ұя мектептерімен қоштасып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, мектепке деген ыстық сезімдерін әсем әндері мен ғажайып билері арқылы жеткізді.
Бүгін түлектеріміз үшін мектебіміздің соңғы қоңырауы соғылды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/914-zhas-t-lek-zha-a-aza-stan-erte-i-atty-so-y-o-yrau-saltanatty-zhiyny-bolyp-tti-25-mamyr-2022-zhyl.html#sigFreeId609fe0a11f