"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Мектеп түлектеріне аттестаттар табысталды 16-маусым 2022 жыл

2022 жылдың 16-маусымы - №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің түлектері үшін ең ерекше күндердің бірі.

Бүгін мектеп қабырғасында 2022 жылғы мектеп бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттарын табыстауға арналған «ТҮЛЕК-2022- ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ» атты салтанатты жиыны өткізілді.Биыл мектебімізден үлкен өмірге 60 түлек аяқ басқалы тұр. Олардың қатарында 1 түлек - «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ және 4 түлек «ҮЗДІК АТТЕСТАТ» иегерлері атанды. Кеш барысында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің директоры Амитжанова Индира Базаралықызы түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, «Алтын белгі» төсбелгісін, «ҮЗДІК АТТЕСТАТ» және аттестаттарды табыстады.

Құрметті түлектер, Сіздерді мектепте алған білімдеріңізді әрі қарай арттырып, еліміздің дамуына зор үлес қосады деген сенімдеміз. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!