"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Ақтөбе қаласы “#39 Қазақ орта жалпы білім беру мектебі” КММ- сінде 2022 жылдың мамыр айының 13 жұлдызынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Ақтөбе қаласы “#39 Қазақ орта жалпы білім беру мектебі” КММ-сінде 2022 жылдың мамыр айының 13 жұлдызынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жұмыстары үшін 110 324 200 теңге бөлініп, “Азамат құрылыс” ЖШС келісімшарт жасалды. Жұмыстар 2022 жылдың 13 мамыр - 28 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Жобалау сметалық құжат бойынша мектеп ғимаратының қасбеті (фасад), мектеп спорт залы, 1-2-3 қабат дәліздері, ғимаратың периметрі бойынша соқыр аймақтар (отмостки), жертөле қабатындағы темірбетон арқалықтарын қалпына келтіру, ғимараттың негізгі кіреберісінде пандус орнату және т.б. жұмыстар қарастырылған. Бүгінгі күнге күрделі жөндеудің орындалуы отыз пайызды құрайды.