"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Бос педагог лауазымына конкурс 16-тамыз 2022 жыл
 
Ақтөбе қаласы «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ-сінде» педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021ж. №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 
Педагог қызметіне «enbek.kz» сайтына жарияланған бос орын:
 
Информатика пәні мұғалімі – 16 сағат (Қ.Р Еңбек кодексінің 1-бап, 30-тармақ, 4-тармақша - Уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) (декреттік демалыс).
 
Мектептегі бос лауазымдар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
 
Қажетті құжаттар тізбесі:
 
1) Осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 
2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
 
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 
 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 
 
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
 
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
 
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
 
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.08 - 25.08.2022ж. аралығында өткізіледі.
 
Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы - бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.
 
Өтетін орны: Ақтөбе қаласы «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ-сі» (Ағайынды Жұбановтар көшесі, 293А)
 
Телефон: 73-03-57
 
Эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мектеп инстаграмы: @qazaqortamektebi_39
Мектеп сайты: www.aqtobemektep.edu.kz