"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Мектеп қамқоршылық кеңес мүшелері жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты 15-тамыз 2022 жыл
Ақтөбе қаласы “№39 Қазақ орта жалпы білім беру мектебі” КММ-сінде 2022 жылдың мамыр айының 13-жұлдызынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жұмыстары үшін 110 324 200 теңге бөлініп, “Азамат құрылыс” ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Жұмыстар 2022 жылдың 13 мамыр - 28 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарының 80%-ы орындалды. Осыған орай 2022 жылдың 15-тамыз күні мектебіміздің қамқоршылық кеңес мүшелері жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты.