"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Ағылшын тілі пәнін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»

2022 жылдың 21 қазаны күні №39 қазақ орта мектебінде облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың  жылдық жоспарына сәйкес ағылшын пәнінің мұғалімі Аленова Акмарал Ажихановнаның жетекшілігімен «Ағылшын тілі пәнін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында облыстық деңгейде шығармашылық шеберхананың отырысы өтті. 

Шеберхананың мақсаты: ағылшын тілін оқытуда жаңашыл әдістерді қолдану барысында пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай жасай отырып, белгілі бір нәтижеге жету. Шеберхана отырысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Аскербекова Ақгүл Аскербековна ашты. Шара барысында №39 мектеп ағылшын пәнінің бірлестігінің жетекшісі Аленова Акмарал Ажихановна "Teacher Speaking. Tips to develop the speaking skills of students" коучингін жүргізсе, пән мұғалімдері Алдамжарова Злиха және Рахметулина Жанар сабақ үлгілерін көрсетті. 
 
Отырыс соңында мектеп психологтары психологиялық тренинг жүргізіп, кері байланыс орнатты. 
 
Шеберханаға қатысушылар мектеп ұжымына игі шара үшін алғыстарын білдіре отырып, әрі қарай бұл іс өз жалғасын табатындығына сенім білдірді.