Сіздерге 2024 жылғы квоталар мөлшері туралы ақпарат ұсынамыз. Жеңілдіктері бар оқуға түсушілер керек анықтамаларды құзыретті органдардан алады. ️МАҢЫЗДЫ: Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Атап өтсек, ауыл квотасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша беріледі. Квота мөлшері дегеніміз – бөлінген грант санының пайыздық үлесі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы жетім балаларға, 549 грант немесе 4%-ы қандастарға, 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арналған
Жеңілдетілген санат бойынша грант конкурсына қатысатын оқушылардың назарына!