"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында ата-аналарды қолдау орталығының алғашқы шарасы өтті

«Ата-аналарды қолдау орталығының» бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Сондықтан да ата-анамен білім беру ұйымының мамандары арасында өзара бірлескен әрекет әрдайым жүзеге асырылуы маңызды.
Осы орайда мектебімізде қараша айының 9-ы күні «Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында ата-аналарды қолдау орталығының алғашқы шарасы өтті.
Орталықтың алғашқы кездесуінде мектеп басшысы Акгул Мырзабекқызы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Кеш қонағы Алтын алқа иегері, Мерейлі отбасының Гран-При иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төс белгісінің иегері, “Елеулі еңбегі үшін” медалінің иегері, Жоғары соттың төсбелгісінің иегері, Облыстық соттың және 3-ші соттың тәжірибелі медиаторы және педагог, Анаға тағзым орталығының медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызымен @ardakti_ana кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақтың ұлағатты болуында ата-ананың ролі, отбасындағы ең құнды дүние не деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, ата-ана мен бала қарым қатынасында көңіл бөлетін мәселелер туралы құнды пікірлер айтылды.
Кездесуге келген Бибігүл Әбдішүкірқызына мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз!