"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының негізгі мақсаты - балаларды оқыта отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту, берекелі отбасы мәдениетін дамыт
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының негізгі мақсаты - балаларды оқыта отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту, берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
✅2023 жылдың 14- қараша күні мектебімізде "Зере" аналар клубы мен "Еркеназ" қыздар клубының бірлесе өткізген "Қызым-қызғалдағым" атты өнеге сағаты өтті. "Ұлтыңды сақтаймын десең-қызыңды тәрбиеле" дейді халық даналығы. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз-ертеңгі ибалы келін болса, бүгінгі инабатты келініміз ертеңгі ақ жаулықты әже. Әйел-бесік иесі. Бесігіміз түзелу үшін қызымыздың жақсы да тәрбиелі болуын осы күннен ойлануымыз керек. Бүгінгі өнеге сағатында болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға өнегелі де өрелі тәрбие беру жөнінде аналар өз ойларын ортаға салып, ой тастай білді. Ұлағаттылық ұяда басталатынын, қазақи ар-намыстан, ұяттан ажырамай қазақ қызына, қазақ анасына тән ибалылық туралы ой тарқатты.
✅Шара соңында шақырылған қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай игі істердің кең қанат жаятындығына сенім білдірді.