"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«АИТВ-жұқпасының алдын-алу»

20-қазан 2021 жылы МКК «Облыстық ЖИТС алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ маманы Матаева М.К. «АИТВ-жұқпасының алдын-алу», «Ерте жүктіліктің алдын-алу» және «Электронды темекінің зияндылығы» тақырыптары бойынша мектебіміздің 8, 9, 10 класс оқушыларымен кездесу өткізді. Мектеп оқушылары осы тақырыптар бойынша көптеген сұрақтарға толыққанды жауап алды.
Кездесу барысында қарастырылған тақырыптар:
1.    АИТВ жұқпасының өзекті мәселелері;
2.    АИТВ жұқпасына тексерілу әдістері;
3.    АИТВ жұқпасы бойынша Ақтөбе облысының эпидемиологиялық жағдайы;
4.    АИТВ жұқпасының алдын-алу сұрақтары;
5.    АИТВ жұқпасының емі;
6.    Ерте жүктіліктің алдын-алу сұрақтары;
7.    Электронды темекінің ағзаға тигізетін әсері мен зияндылығы.