Парламент – оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі. Парламентте оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.
Мектеп парламентінің мақсаты:
Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту; қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ететін жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
28-қазан қазан 2021 жылы №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 9, 10, 11 кластар арасында мектепішілік парламент сайлауы өтті, мектеп парламентінің президенттігіне 8 оқушы үміткер болды.
10 Ә класс оқушысы Қуанар Ерсұлтан парламент сайлауының нәтижесі бойынша сайлаушылар дауысының 25 пайызын иеленіп, мектеп парламентінің президенті болып сайланды.