Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери дайындық қағаздарын бекіту туралы» бұйрығын іске асыру және гарнизон аумағында орналасқан әскери білімдерімен қарым-қатынасты күшейту мақсатында, бүгін №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде Ауған соғысының ассоциациясының мүшелері және қарулы күш ардагерлері Айжанов Жалғас пен Кубегенов Сапарбек «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» бағдарламасы бойынша жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 8 – 9 класс оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Батырғалиев пен алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы А.А.Хасенов қатысты. Кездесу барысында ардагерлер оқушылардың сұрақтарына байланысты қазіргі әскери оқу орындары туралы толыққанды мағлұматтар берді, сонымен бірге ардагерлер өздерінің әскердегі өмірлері туралы және басқа да ақпараттармен бөлісті.
10 қараша 2021 жылы мектеп оқушылары Ауған соғысы ассоциациясының мүшелері және қарулы күш ардагерлерімен кездесті