Бүгін 25-қараша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 6-класс оқушылары арасында «АЛҒЫР АЛТАУ» интеллектуалды ойыны өтті. 4 айналымнан тұратын ойынға барлығы 4 топ қатысты. Оқушылар сайыс барысында өз білімдерін көрсетті.
1-айналым: Сұрақ-жауап
2-айналым: Кім тапқыр (Ребустар шешу)
3-айналым: Ұшқыр ой
4-айналым: Ойлан, тап.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша 6 Б класы 1-орынды, 2-орынды 6 А және 6 Ә кластары, ал 6 В класс оқушылары 3-орынға ие болды.
View the embedded image gallery online at:
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/690-6-klastar-arasynda-al-yr-altau-intellektualdy-ojyny-tti-25-arasha-2021-zhyl.html#sigFreeId09ab559244
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/690-6-klastar-arasynda-al-yr-altau-intellektualdy-ojyny-tti-25-arasha-2021-zhyl.html#sigFreeId09ab559244