"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Дін және жастар» тақырыбында кездесу 6-желтоқсан 2021 жыл

2021 жылдың 6-желтоқсан күні "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық" КММ теологы Мейрамбек Жұмабаев мектебіміздің 8-9 класс оқушыларымен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.