"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай 7 ә класында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаты өтті 10-желтоқсан 2021 жыл

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай “Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры” тақырыбындағы айлық іс -шаралар жоспарына сай, ағылшын тілі пәні мұғалімі Гаппанова Алтынай Қаржаубайқызы 7 ә класында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру; Еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақ барысында білімалушылар ең алдымен видео арқылы Қазақстанның тәуелсіздікке дейінгі тарихымен танысты. Сонымен қатар“Джигсо” әдісі арқылы мәтіндермен танысып, постер қорғады, “Socrative” платформасы арқылы тест тапсырмаларын орындады, “Суреттер сөйлесін” әдісі арқылы берілген суреттер аясында өз ойларын ортаға салды.

Сабақ соңында балалар елімізге деген өздерінің ыстық ықылас-тілектерін білдірді.