Бүгін мектебіміздің Жас мұғалімдері арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты эстафета жарысы өтті.
Жарыс мақсаты:
- Жас ұстаздардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Салауатты өмір салтын спорт ойындарымен ұштастыру.
Жас ұстаздар 3 топқа (АРЫСТАН, ЖАЛЫН, СПАРТАК ) бөлініп, 8 түрлі кезең бойынша күштерін сынады:
- Таныстыру: команда аты, ұраны
- Эстафеталық таяқшамен жүгіру
- Командаңды жина (шығыршықты қолдану арқылы капитан командасы жинау)
- Доппен секіру (допты аяқ арасына салып секіріп барып келу)
- Жылдам жүгір (қапшықпен жүгіру)
- Кедергіден секіріп өт (кедергілерді айгалып өтіп,төсеніштен өту)
- Допты жинау (қойылған шығыршықтарға доптарды жинау)
- Арқан тартыс
Ойын қорытындысы бойынша жарысқа қатысқан барлық командалар дипломдармен марапатталды. Ойын өте қызықты өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/823-biz-salauatty-mir-saltyn-oldajmyz-estafeta-zharysy-5-a-pan-2022-zhyl.html#sigFreeIdbcf5e208f4