"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы өткізілген іс-шаралар 21-ақпан 2022 жыл

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы іс-шаралар жоспары бойынша №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 18.02.2022ж. күні 7-кластар арасында "Шаңғы жарысы" өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жекелей түрде 1-орынды  7 а класс оқушысы Алдажар Батырхан; 2-орынды 7 в класс оқушысы Бегежанов Исламбек ; 3-орынды 7 в класс оқушысы Абай Темірлан жеңіп алды. Командалық есеп бойынша 1-орынды 7 в класс командасы; 2-орынды  7 а класс командасы; 3-орынды 7 б класс командасы жеңіп алды. Сонымен қатар осы шара аясында мектеп мұғалімдерінің арасында кіші калибрлі мылтықтан ату сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынға Сейтова Малика; 2-орынға Батырғалиев Бекзат; 3-орынға Сарқытбай Нұрсұлтан мен Губайдуллина Бекзат ие болды. Мектеп оқушыларының арасында АКМ автоматты бөлшектеп жинақтау сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша шараға қатысқан барлық оқушылар дипломдармен марапатталды.