"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Балалардың жол қауіпсіздігі 24-ақпан 2022 жыл

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде кәмелетке толмағандар арасында жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында «Балалардың жол қауіпсіздігі» атты республикалық онкүндік аясында 15.02.2022ж. күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Ж.Таяуова мен Б.К.Батырғалиев 5 - 6 класс оқушыларына жолдағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектебіміздің тәртіп сақшылары бастауыш класс оқушыларына жол қауіпсіздігі жөнінде үлістерме қағаздарын таратты.

18-ақпан күні жол полиция инспекторлары Туктабаев Асқар мен Ражапов Тілек 7 - 8 класс оқушыларына жолда жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шара жоспары бойынша мектебімізде «Жол жүру ережесін сақтау - жол қауіпсіздігінің негізі» атты танымдық сабақтар жүргізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін есте сақтауға үйрету.