"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Мектеп ата-аналары мен оқушылары білім беру ұйымдарына алып кіруге және қолдануға тиым салынған заттар тізбесімен таныстырылды 4-сәуір 2022 жыл

2022 жылдың 4-сәуір күні мектебімізде құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында 5-6, 8-10 класс оқушыларына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Таяуова С.Ж. мен Батырғалиев Б.К. түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге 5-11  кластар арасында онлайн форматта ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар білім беру ұйымдарына алып кіруге және қолдануға тиым салынған заттар тізбесімен таныстырылды, яғни білімалушылар мен олардың ата-аналарына мектепте тиым салынған заттарды, яғни баланың өміріне қауіп тудыратын (үшкір заттар, өнеркәсіптік заттар, жарылғыш, улы, өткір, қадалғыш, кескіш қарулар, атыс қаруы т.б.) заттарды мектепке алып келмеу жөнінде айтылды.