25.04.2022ж. күні «Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы» атты тәрбие айлығының аясында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құлшаева Гүлдана Тасқынбайқызы 5 ә класында «Бала - болашақ кепілі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп, тақырыпқа сай өлең жолдарын жатқа айтты, нақыл сөздермен танысты, түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға «Жалғастыр» ойынын ойнату арқылы тиым сөздердің мағынасын түсіндірді.