Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылыққа жол бермеу (кемсіту, жәбірлеу, әлімжеттік жасау, бопсалау т.б. болдырмау);
Өрт қауіпсіздігі, суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік т,б.;
Оқушылардың 3 ай жазғы демалысы кезінде ата аналарға балаларының өмір қауіпсіздігіне жауапкершілігі қатаң ескертілді(мезгілсіз уақытта далада жүрмеу, жағажайларға үлкендердің қарауынсыз бармау т.б.).
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер класс жетекшілер тарапынан ата-аналармен толық талқыланып қаралды.