"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Болашақ жастардың қолында" атты мектепшілік дебат турнирі

Мақсаты: Білім алушылардың сөзшеңдік, тапқырлық ой-өрістерін дамыту
17- қаңтар күні мектебіміздің "Парасат" дебат клубының 7-10 класс оқушыларын сөзшеңдік, тапқырлық ой-өрістерін дамыту мақсатында "Болашақ жастардың қолында" атты мектепшілік дебат турнирі болып өтті. Пікірталас қызу, әрі тартысты өтті. Оқушылар әр жас ерекшеліктеріне сай өз біліктіліктері мен ұтқыр ойларын жеткізе білді. Ойын барысына төрешілік етуге Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің "Жас қырандар" дебат клубының мүшелері төрешілік етті. Ойын барысында 8 фракция өз деңгейлерін көрсете білді.
Дебат турнирі нәтижесінде белсенділік танытқаны үшін:
"Тұлпар" фракциясы 10 "б" класс оқушылары Серік Әділ мен Дүйсенбаев Саламат,
"Парасат" фракциясы 10 "ә" класс оқушылары Исаева Ақмарал мен Боранғалиева Нұрай,
"Аманат" фракциясы 8"б"класс оқушылары Жүніс Латифа мен Қажиахмет Гүлім,
"Үш тоғыз" фракциясы 8 "ә" класс оқушылары Рахат Медина мен Акшулакова Акерке,
"Үш тоғыз" фракциясы 8 "а" класс Ақбай Раушан мен 8 "ә" Кемелбаева Каусар марапатталды.
III орынды "Қыран" фракциясы 7"б" класс оқушылары Әділбаева Аруназ бен Жоламан Аянат,
II орынды "Алтын Орда" фракциясы 10"а" класының оқушысы Мейрамбек Аида мен 10 "ә" класс оқушысы Култаева Аида,
I орынды "Тұлға" фракциясы 10 "ә" класс оқушысы Нұрланова Сымбат пен
9 "а" класс оқушысы Сағитжанова Альбина иеленді. Сонымен қатар,
"Үздік спикер" номинациясымен "Тұлға" фракциясының спикері 9"а"класс оқушысы Сағитжанова Альбина марапатталды.
"Үздік төреші" номинациясымен Бақытжанова Жанерке марапатталды.
сілтеме: https://www.instagram.com/p/C2Ohxp0IVjE/?igsh=MXVrbnR5eWMzenBveQ==