"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры

Өткізілген күні,уақыты:13.12.22ж сағ 12.00
Қатысқандар: №52 ОМ, №1 ОМ, №5 ОМ, №4 ОМ, №51 МГ,№55, №39 ОМ
Сайыстың мақсаты:
1.1. Білім беру ұйымдары арасынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын, өз командасының мүддесін сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету;

1.2. Нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қалыптастыру, білім алушылардың логикалық қабілеттерін жетілдіру;
1.3. Оқушылардың бойында патриоттық және азаматтық қасиеттерді дамыту.

Сайыстың міндеттері:
2.1. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру;
2.2.Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға тәрбиелеу;
2.2.Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету, ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға баулу.

ТУРНИРДІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

4.1.Ойындар АПФ форматы бойынша өткізіледі.
4.2.Турнирдің жалпы тақырыбы: «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры»
4.3.Турнирдің тақырыптары:
Б.П. Билік басына рухани бай адам отыруы керек д.е
Б.П. ХХІ ғасырдың бағаланбай қалған мамандығын көрсетеді.
Б.П. Жаңа Қазақстанды басты дамытатын стратегиялық саланы көрсетеді.
Б.П. Адамның білімі оқыған мектебіне байланысты емес д.е
Б.П. Жекеленген оқу орындарын жабу керек д.е
Турнирге қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша:
І орынды
ІІ орынды №1жалпы орта білім беру мектебінен «Come back»фракциясы,
ІІІ-орынды №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінен «Алтын орда»фракциясы иеленіп, Қалалық білім бөлімінің ДИПЛОМЫМЕН марапатталды.
«Үздік спикер»номинациясын А.Байтұрсынұлы ЛМГ-сының «On the facts»фракциясының спикері Есқазы Мадина иеленді.
Турнирге қатысушылар мектеп әкімшіліген өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Жетістік: Мектебіміздің «Ақ орда»фракциясы жүлделі ІІІ орынды иеленді.жетекшісі Қожакова Манар Сейткалиқызы.

Кемшілік: болған жоқ.

Ұсыныс: Алдағы уақытта Дебаттық турнир сайыстары жалғасын тауып ұйымдастырылсын.