"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Жасөспірім.Құқықбұзушылық.Жауапкершілік

2022 жылдың 18 қараша күні қаланың жалпы білім беру мектеп оқушылары арасында пікірсайыс турнирі №39 жалпы білім беру мектебінің базасында өткізілді.
Сайыстың мақсаты:
1.1.Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата-аналардың құқықтық міндетін арттыру.
1.2.Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету және құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауатылығын қалыптастыру.
Сайыстың міндеттері:
2.1.Оқушылардың бойында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайту;
2.2.Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету, ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға баулу.

Турнирге «№1жалпы орта білім беру мектебі»КММ, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия, «А.Байтұрсынұлы ЛМГ»КММ , «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі»КММ қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша:
І орынды А.Байтұрсынұлы ЛМГ-сының «On the facts»фракциясы,
ІІ орынды №1жалпы орта білім беру мектебінен «Come back»фракциясы,
ІІІ-орынды №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінен «Алтын орда»фракциясы иеленіп, Қалалық білім бөлімінің ДИПЛОМЫМЕН марапатталды.
«Үздік спикер»номинациясын А.Байтұрсынұлы ЛМГ-сының «On the facts»фракциясының спикері Есқазы Мадина иеленді.
Турнирге қатысушылар мектеп әкімшіліген өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Жетістік: Мектебіміздің «Ақ орда»фракциясы жүлделі ІІІ орынды иеленді.жетекшісі Қожакова Манар Сейткалиқызы.

Кемшілік: болған жоқ.

Ұсыныс: Алдағы уақытта Дебаттық турнир сайыстары жалғасын тауып ұйымдастырылсын.