"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
“Ұранды елдің - ұрпағы қайсар” әскери спорттық сайысы

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай мектепішілік "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар" атты әскери спорттық сайысы өткізілді. Мақсаты - оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез құлықтың беки түсуіне ықпал етіп, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар" атты әскери спорттық сайыс 7 - 8 класс оқушылары арасында және 4 - кезең бойынша өткізілді: 1. Сақтық тәсілдер (5 ұл, 4 қыз бала); 2. Ер балдар гир көтеру, қыз балдар 1 - минутқа пресс жасау; 3. Автоматты толық емес бұзып, жинау; 4. Арқан тартыс (командалық сайыс). 7 - 8 класс оқушылары арасында өткізілген әскери спорттық сайыстың қонағы және әділ - қазылар алқасының мүшесі, "Ақтөбе облысының Таулы Қарабас ардагерлері Одағы" Қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Дюсенбаев Толыбай Олжабаевич болды. Әскери спорттық сайыстың қорытындысы бойынша: 1. 8 "а" класс "Жалын" тобы - І орын 2. 8 "в" класс "Қыран" тобы - ІІ орын 3. 7 "а" класс "Қорған" тобы - ІІІ орын Барлық командаларды құттықтаймыз!