2020 – 2021 оқу жылында мектебімізде 8 үйірме жұмыс жасады.Атап айтатын болсақ:
- Ұлттық би – 3 – 4 – 5 – кластар
- Кішкентай актер – 1 – 2 – кластар
- Ғажайып дүниетану – 3 – 4 – кластар
- Жас зерттеуші – 9 – кластар
- Экология және табиғат ғажайыптары – 8 – кластар
- Жас сарбаз – 7 – кластар
- Физика және техника – 8 – кластар
- Жас тапқырлар алаңы – 6 – кластар
Осы үйірмелерге жауапты ретінде 24 ұстаз бекітілді.Бұл үйірмелерге – 1 – 9 кластар қамтылды,барлық қатысқан оқушылар саны – 527 оқушы. Оқу жылының басында үйірмелердің жылдық жоспарлары құрылып,бекітілді.Жоспар бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.
Сонымен қатар мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық үйірмелер жұмыс жасады.Атап айтсақ – Футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ.Бұл спорттық үйірмелерге дене шынықтыру пәні мұғалімдері бекітілді.Барлық қамтылған оқушылар саны – 302 оқушы қатыстырылды. Спорттық үйірмелер оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күндерінде өткізілді.Спорттық іс – шаралардың барлығы өткізілу барысында қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталынып өткізілді.демалыс күндеріндегі спорттық іс – шараларға оқушылар толығымен қатысты.