"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
2021 жылдың 9-желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында “Қалалық жас туристер стансасы” МКҚК ұйымдастыруымен қалалық "Тәуелсіз ел жанашырлары" атты байқау өтті

Тақырыбы: 2021 жылдың 9-желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында “Қалалық жас туристер стансасы” МКҚК ұйымдастыруымен қалалық "Тәуелсіз ел жанашырлары" атты байқау өтті

2021 жылдың 9-желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында “Қалалық жас туристер стансасы” МКҚК ұйымдастыруымен қалалық "Тәуелсіз ел жанашырлары" атты байқау өтті. Мақсаты: Балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, туған жерге, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.Байқауға қаланың 9 мектебі қатысты. Барлық топтар 4 кезең бойынша бақтарын сынады:

1.«Таныстыру»- топ атауы, эмблемасы, ұраны

2.«Тапқыр болсаң, тауып көр» - қатысушылар Қазақстанның табиғаты, экологиялық ресурстары» тақырыптарында сұраққа жауап берді.

3.«Қоқыссыз әлем» презентация қорғау.

4.«Бізді қоршаған орта» Туған өлкесіндегі қоршаған ортаның экологиялық мәселелері туралы үгіт-насихат қойылымы

Байқау мынадай қорытындымен аяқталды:

1-орын: №17 мектеп-гимназиясы, «ЭКОпоколение» тобы, жетекшісі: Баекова Клара Алмағамбетовна;

2-орын: Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беру орта мектебі, «Табиғат жанашырлары » тобы  жетекшісі: Жиенбаева Назгул Сарсенбайқызы; №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі, «Экоболашақ» тобы, жетекшісі: Теміралы Ботакөз Теміралықызы;

3-орын: №2 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы, «Экоинспекторлар» тобы, жетекшісі: Абдулрахмонова Альбина Алияскаровна; Әл-Фараби атындағы №21  мамандандырылған гимназиясы, «ЭКОҰРПАҚ» тобы, жетекшілері: Жалғасбаева Гульзия Абыловна мен Атамбай Салтанат Кылышбаевна; №32 мектеп-гимназиясы «Бейбітшілік» тобы.

Қалған топтар мен олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.