"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Білім көзі кітапта» атты танымдық сайыс сабақ өткізілді 30-сәуір 2022 жыл

Бүгін 30.04.2022ж. «Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы» атты тәрбие айлығының іс-шаралар жоспарына сай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Білім көзі кітапта» атты танымдық сайыс сабақ өткізілді.

Сайыс мақсаты: Оқушыларды ағылшын тілінде кітап оқуға ынталандыру, кітап оқуға қызығушылылықтарын арттыру.

Шараға мектебіміздің «Reading books joined us» ағылшын тілі әдеби клубының мүшелері үлкен белсенділікпен қатысып, өз білімдерін сынады. Сайыс соңында оқушыларға ағылшын тілінде қызықты кітаптар сыйға тартылды. 

Шараны ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Аленова А., Қабылбаева А., Алдамжарова З., Гаппанова А., Санкеш Ж.