"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
2022 жылдың 07-11 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2022 жыл – балалар жылына орай «Музей сабақтары» жобасы негізінде мектеп оқушылары мен олардың жетекшілері Түркістан және Шымкент қалаларына саяхатқа барды

Ағымдағы жылдың 07-11 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2022 жыл - балалар жылына орай «Музей сабақтары» жобасы негізінде мектеп оқушылары мен олардың жетекшілері Түркістан және Шымкент қалаларына  саяхатқа барды. 

Білімалушылар Түркістан және Шымкент қалаларындағы тарихи және көрікті  орындарға барды. Отырар жеріндегі Арыстан баб кесенесі мен Түркістан қаласындағы  Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінің тарихымен танысты, кесенедегі дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерді көріп, ерекше әсер алды.

Сонымен қатар мектеп оқушылары Бәйдібек би ескерткіші, «Қазына» этно-кешені, А.Асқаров атындағы дендросаябағы, зоопарк, «Тәуелсіздік» және «Қиял әлемі» саябақтарына барып, өте қызықты сәттерді бастарынан кешті.