"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
2022 жылдың 11-13 мамыр аралығында Ақтөбе облысы Байғанин ауданында өткен облыстық өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты
Ағымдағы жылдың 11-13 мамыр аралығында Ақтөбе облысы Байғанин ауданында өткен облыстық өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты.
Облыс бойынша чемпионатқа барлығы 14 топ қатысты, соның ішінен №39 ҚОЖББМ оқушыларынан құралған команда 4-орынға ие болды. 

Чемпионатқа қатысқан барлық оқушыларымызға алғыс білдіреміз:

1. Қуанышев Диас Жанболат - 9 б класс оқушысы

2. Ғабиденұлы Али - 11 ә класс оқушысы

3. Борангазин Нұршат - 10 ә класс оқушысы

4. Рысбай Бекзат - 9 б класс оқушысы

5. Қанатбай Ақниет - 11 ә класс оқушысы

6. Темірболат Темірлан - 10 ә класс оқушысы

Сайысқа қатысқан барлық оқушылар алғыс хаттар және шағын сыйлықтармен марапатталды.