"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Бүгін мектебімізде "Ақтөбе" шағын футбол клубының ойыншыларымен кездесу өтті.

Бүгін мектебімізде  "Ақтөбе" шағын футбол клубының ойыншыларымен кездесу өтті. 

 
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, зиянды заттардан аулақ болуға баулу, білім алушылардың спортқа қызығушылығын арттыру.
 
Кездесуге "Ақтөбе" клубынан: 
 
7️⃣  Асхат Көлбаев - мектебіміздің түлегі, Ақтөбе шағын футбол клубының 7 номерлі шабуылшысы,
 
1️⃣1️⃣  Аршат Сатжан - 11 номерлі ойыншысы,
 
2️⃣6️⃣  Абылай Сагиданов - 26 номерлі қақпашысы,
 
1️⃣6️⃣  Мигеел - 16 номерде өнер көрсететін ойыншысы, 
 
1️⃣4️⃣  Лукас - 14 номерде өнер көрсететін бразилиялық ойыншысы келді. 
 
Оқушылар спортшыларға сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Кездесу барысында аяқ доп шеберлері оқушыларға өз шеберліктерін көрсетті.