2021 – 2022 жылының 12 – 28 ақпан күндері аралығында Отбасы құндылығын арттыру және әкелер институтын дамыту мақсатында мектебімізде 1 – 11 класс оқушылары мен мектепалды даярлық топтарының әкелері арасында «ӨНЕРЛІ ӘКЕ» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты:
- Ата – аналар ішінен өнерлі әкелерді анықтау және оларды ақпараттық – әдістемелік қолдау;
- Әке мен бала арасындағы өзін – өзі басқару мен шығармашылық қасиетін дамыту;
- Әкелердің ұшқыр ойлы қабілеттерін арттыра отырып, ұлттық өнерді насихаттау;
- Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық тәрбиеде тәрбиелеу;
Байқаудың міндеттері:
- Шығармашылық ойлау мен қимылдарын дамыту;
- Көркемдік – эстетикалық қызметінің мәдениетін қалыптастыру;
- Өнерде өзін – өзі жетілдіруге және өзін – өзі білдіруге жағдай жасайтын ортаны құру;
- Әкелердің өнерге қабілеттерін көрсету және оны балаларға үлгі ету;
- Мектеп пен отбасы арасындағы қарым – қатынасты одан әоі нығайту.
Байқау бірнеше санаттармен қамтылады:
- Талантты әке
- Спортшы әке
- Ұлттық өнерді насихаттаушы
- Өнерлі әке
- Батыр әке
- Ханшайымдар әкесі
- Оқырман әке
- Жас кәсіпкер әке
- Өнертапқыш әке
- Қамқор әке
- Шығармашыл әке