2021 – 2022 оқу жылының 18 – қазан күні мектебімізде «БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ» тақырыбында әкелер клубы мүшелерінің арасында семинар өткізілді.
Әкелер мектебінің мақсаты:
- Отбасылық құндылықтарды сақтау;
- Әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
- Ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын - алу шараларын мұйымдастырудағы рөлін арттыру;
- Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыру.
Семинар барысында әкелер бала тәрбиесі жайында өз ойларымен бөлісті, ситуациялық сұрақтарға жауап берді, сонымен бiрге мектеп психологтары ұйымдастырған тренингтерге қатысты. Семинар аяғында мектеп психологтары ата-аналарға арналған жаднамалар таратты.
Семинар соңында әкелер клубының төрағасы Сейілхан Бағдат Кендебайұлы «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында сұхбат берді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/keler-mektebi/2021-2022-oku-zhyly-akeler/1565-kemen-s-khbat.html#sigFreeId92ae47635e