2021 – 2022 оқу жылының 23-қазан күні мектебімізде білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру мақсатында «Отбасы – мектеп» жобасы аясында әкелер мектебінің мүшелерімен «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.
Әкелер мектебінің мақсаты:
- Отбасылық құндылықтарды сақтау;
- Әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
- Ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын - алу шараларын мұйымдастырудағы рөлін арттыру;
- Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыру.
Семинардың бірінші бөлімінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таяуова С.Ж. "Отбасы - мектеп" жобасы жөнiнде баяндама жасады.
Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ici жөнiндегi орынбасары Батырғалиев Б.К. «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында баяндама оқып, презентация ұсынды.
Сонымен қатар мектеп психологы Жансейтова Г.М. әкелермен бірге шағын психологиялық тренинг өткізді.
Семинар барысында әкелер бала тәрбиесі жайында өз ойларымен бөлісті, ситуациялық сұрақтарға жауап берді, сонымен бiрге мектеп психологтары ұйымдастырған тренингтерге қатысты. Семинар аяғында мектеп психологтары ата-аналарға арналған жаднамалар таратты.
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі