"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Әке - Шаңырақтың тірегі» өнеге сағаты

Өткен жері: Мектеп мәжіліс залы
Қатысушылар: «Бәйтерек» әкелер клубы мүшелері «Арлан» ұлдар клубы мүшелері. Мектеп инспекторы «Бәйтерек» әкелер клубы төрағасы

МАҚСАТЫ:
- Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту;
- Отбасының қарым-қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;
- Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіру.

2023 – 2024 оқу жылының 24 – қараша күні мектебімізде «Бәйтерек» әкелер клубы мен «Арлан» ұлдар клубының бірлесе өткізген «ӘКЕ – ШАҢЫРАҚТЫҢ ТІРЕГІ» атты өнеге сағаты өткізілді. Өнеге сағаты барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жөнінде қысқаша түсіндіру жүргізілді. «Бәйтерек» әкелер клубы төрағасы бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жөнінде баяндама оқыды. Мектеп инспекторы «құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу» мақсатында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті және әкелер мен инспектор арасында сұрақ – жауап өткізілді. Мектеп психологтары тренингтер өткізіп, әкелер мен ұлдарға жағдаяттық сұрақтар қойылды. Өнеге сағаты соңында әкелер ұлдарға арнап ән айтып жоғары көңіл күймен тарасты.