Мектебімізде 2023 – 2024 оқу жылының 22 – ақпан күні Ақтөбе қаласы ІІД қызметкерлері мен білім алушылардың ата – аналарымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын – алу мен оны болдырмау іс – шараларын жүзеге асыру.
Кездесу барысында Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары Мадияр Төлеуұлы Акентай, Ақтөбе қаласы Астана ауданы №2 ҚПБ бастығы полиция полковнигі Айбек Маратұлы Ергарин ата – аналарға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын – алу туралы, жолда жүру қауіпсіздігі оқиғаларының жасөспірімдер арасында орын алуы, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі терроризм актісі туралы көріну жалған хабарламалар жайында айтты. Ата – аналарға балаларының өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды, арандатушылыққа берілмеуді, телефон алаяқтарынан аулақ болуларын ескертті.
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/keler-mektebi/2023-2024-o-u-zhyly-akeler/1574-iid-yzmetkerlerimen-kezdesu.html#sigFreeId608a4f4dd7