Оқу – ағарту министрлігі оқушылармен, ата – аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023 – 2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту болып табылады. Осыған орай мектебімізде 2023 – 2024 оқу жылының 18 – сәуір күні балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата – аналармен қарым – қатынасын күшейту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата – аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында «АТА – АНАЛАРДЫ АЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» «Парасатты отбасы» кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді. Осы іс – шара қарсаңында мектебіміздің «БӘЙТЕРЕК» әкелер клубы төрағасы Сейілхан Бағдат Кендебайұлымен және «БӘЙТЕРЕК» әкелер клубының мүшесі Абашев Шаттықпен «бала тәрбиесі және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/keler-mektebi/2023-2024-o-u-zhyly-akeler/1577-kemen-s-khbat.html#sigFreeIdc48675b2cc