"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
1 класс бүлдіршіндеріне арналған «Қош келдің Әліппе» тақырыбында салтанатты жиын өтті

1. 09. 2021 күні № 39 ҚОЖББ мектебінде 1 класс бүлдіршіндеріне арналған «Қош келдің Әліппе» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Мерекелік шараны мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызы ашып, жаңа оқу жылының басталуымен мектеп ұстаздарын, білім алушылары мен олардың ата - аналарын айтулы күнмен құттықтады.

1 қыркүйек – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та жылы сезімдерге толы ерекше күн.  Бұл күннің әр адам баласы үшін жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы екені сөзсіз.

Мектеп табалдырығын аттаған 1 – класс бүлдіршіндері, білім күніне арналған тақпақтарын айтып, мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызы «Әліппе» оқулығын оқушыларға таратты.