"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
9 класс мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестат табыстау рәсімі

«Біз Тәуелсіздік ұландары !»

9 класс мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестат табыстау рәсімі

Өтілетін күні:12.06.2019ж

Уақыты:10.00

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі,қонақтар,ата-аналар,пән мұғалімдері,

9 класс мектеп бітіруші түлектері.

Мақсаты: 2020 - 2021 оқу жылындағы 9 класс оқушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру.Оқу жылын «Ерекше куәлікпен» аяқтап отырған оқушыларды марапаттау.

Безендіру: интерактивті тақта,түрлі-түсті шарлар,банер,фейерберктер,жалаушалар

ФАНФАР

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар!
2020 - 2021 оқу жылында мектебімізден   91 білім алушылары  негізгі мектепті бітіргелі отыр.

Бүгінгі негізгі мектепті бітіргендігі туралы аттестат тапсыру «Біз Тәуелсіздік ұландары! » салтанатты жиынын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Жыл сайын дәстүрге айналып осындай мерзімде мектептен 9 жыл білім алған оқушылар мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап куәлік иесі атанып жүр.

9 жылдық білімді тәмамдап кейбіреуіміз 11 жылдықты бітірем деген ниетпен оқуымызды әрі карай жалғастырсақ, біріміз колледж студенті атанып жүрміз.
Құрметті оқушылар, бүгін де сіздер осындай мақсатпен салтанатты жиында бас қосып отырсыздар.

2 - жүргізуші:
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды шығады,- деген нақыл сөз ойға оралып, білімді оқушылардың асар биігі алда екендігі сөзсіз.Ендеше, алғашқы сөз кезегі және негізгі мектепті бітіргендігі туралы үздік аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызына  беріледі.

1 - жүргізуші: Қолдарыңызға алған куәліктеріңіз құтты болсын деген ниетпен
Мектебімізідің әнші балапандарының      орындауында

«Аяулы асыл мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:Келешек қой осылар барға шүкір

Алдарыңда ақ қанат арманы тұр

Жүректері лүпілдеп тебіреніп,

Қолдарына куәлік алғалы тұр, дей отырып,куәлік алу рәсімін жалғастырамыз.

(9а, 9ә 9б класс оқушыларына аттестат тапсырылады)

1 - жүргізуші:

Өсті деп ой санамыз

Өрлетті мектеп анамыз

Өріне шығып ғылымның

Нәріне білім қанамыз

Балам, бір саты ер жетті деп ата - аналар да қуаныш үстінде. Ата - ананың мақсатын орындау балалардың міндеті.

Келесі сөз құттықтау сөз кезегі ата-ана_________________________________беріледі.

2 - жүргізуші:

Бүгінгі таңда мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтың – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Бұған жету жолдары еңбек, ізденіс, сапалы білім.

Құрметті оқушылар еңбек етіп білім шыңына жетіңіздер.

Назарларыңызға әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән _________________________________________________________________________________________________________
1 - жүргізуші: Осымен 2020 - 2021 оқу жылындағы негізгі мектепті бітіргендігі туралы аттестат тапсыру салтанатты жиынын жабық деп жарияланады. Жақсы күндерде жүздескенше аман сау болыңыздар!