"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Тәуелсіздік ұландары»атты мектеп бітіруші түлектерга арналған аттестат тапсыру салтанатты жиынының сценарийі

«Тәуелсіздік ұландары»атты мектеп бітіруші түлектерга арналған

аттестат тапсыру салтанатты жиынының сценарийі

Өткізілетін күні:14.06.2021ж

Өткізілетін уақыты: сағ10:00

Көрнекілігі:Банер, шарлар, жалаушалар

Қатысатындар: Мектеп әкімшілігі,ата-аналар,мұғалімдер,мектеп бітіруші түлектер;

Қазақ биі «Кербез»  (хабарланбайды)

Жүргізуші: Сіздердің тамашалағандарыңыз мектебіміздің 1 «ә»класс үздігі, мектебіміздің мақтанышы , Халықаралық хореграфия OPEN GIDS таланттар жобасы байқауының гран при иегері, республикалық «Жас Дарын» фестиваль байқауының бас жүлде иегері - Жаңабай Зере

 

ФАНФАР

Жүргізуші-1:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі «Тәуелсіздік ұландары!» атты  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойымен тұспа – тұс келген 11 класс мектеп бітіруші түлектерінің Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші-2:

Тәуелсіздік елімде,

Бақыт құсы самғап ұшты көгімде

Қазақ деген ғажап халық қашаннан,

Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

Жүргізуші-1:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

 

Жүргізуші-2: 

Құтты болсын тәуелсіздік 30 жылдық мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

БЕКЗАТ:  Сап түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының астында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні айтылсын!

Жүргізуші-2: 

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі – бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын Қазақстан әнұраны.

(ГИМН айтылады)

Жүргізуші-1:Кез-келген мемелекеттің болашағы -білімді  ұрпақ.Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып,түзу жолдан тьайдырмай ,санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

Жүргізуші-2: Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған,айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз,бүгінгі жиынның жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз.Олай болса,елімізідң болашағы саналар мектеп түлектеріне қошемет білдіреміз!

2020-2021 оқу жылында 78 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Мемлекеттік қорытынды аттетаттауда мектебіміздің үмітін ақтаған «Алтын белгі» иегерлері мектеп, ұстаз және ата – ана мерейін үстем қылды.

Жүргізуші-1:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.дей келе алдарыңызда 11 «а»класы

класта-28 оқушы,класс жетекшісі Койшыгарина Актолкын Адебиетовна

«Саналы тәрбие мен сапалы білімді ту еткен класс оқушылары жан-жақты білім додаларына қатысып,өздерін жақсы жетістіктерімен көрсете білді.»

  1. Арыстанбекова Камила – қалалық көркем лицейінің сурет байқауларының 1,2 орын жүлдегері;
  2. Камединова Диана – қалалық көркем лицейінің сертификат иегері , агылшын лілінен халықаралық олимпиада жүлдегері;
  3. Калиев Мейрамбек- Футболдан Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері;
  4. Сабитов Досжан – Футболдан Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері;
  5. Нурлыбек Нұрлы – республикалық шығармашылық байқауының 2 орын, республикалық лингвистикалық олимпиаданың 2 орыниегері, математика пәні бойынша қалалық олимпиаданың 3 орын жүлдегері;
  6. Бокушева Асия – қалалық математика пәнінен олимпиаданың 3 орын. қалалық орыс тілі пәні бойынша олимпиаданың  2 орын иегері;
  7. Ержанова Аружан – қалалық шығармашылық байқауларының жүлдегері;
  8. Мухамбеткалиева Айасем –халықаралық «жас дарын» олимпиадасының 1 дәрежелі диплом жүлдегері
  9. Сагындықова Назерке – қазақ тілінен өткен қалалық олимпияда диплом 2 орын, ағылшын тілі облыстық олимпияда диплом 1 орын, ағылшын тілі олимпияда қалалық 2 орын.
  10. Тайменов Тайр - өзін - өзі басқару ұйымының Президенті.


Жүргізуші-2:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,

Тойларыңыз құтты болсын ЖАС ТҮЛЕК!

Алдарыңызда 11 «ә»класы,класс жетекшісі Кайырова Жанна Мамытбаевна

Мектеп бітіріп үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған кластың 23 оқушысы мықты тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп,білім ошағымен қоштасқалы тұр.

 

  1. Айладіров Мейіржан – облыстық өткен Ұшу – сальдо спорт турнирінен жүлделі 2 орын иегері
  1. Жанғожаева Зәуреш – Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының 3 орын иегері. Республикалық ғылыми жоба конкурсының жаратылыстану – математика пәні бойынша 2 орын жеңімпазы
  1. Даутова Хамида – Республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясының орыс әдебиеті пәнінен 2 орын иегері. Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың орыс тілі пәнінен жүлдегер, ҚР кіші ғылым академиясының 24 ші облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясы 2 орын жеңімпазы.
  2. Абаева Данагүл – Республикалық ұлттық олимпиада география пәнінен 2 орын иегері.
  3. Қуанышбаева Дана – Мұқағали Мақатаевқа арналған Республикалық «Мұқағали оқулары» атты байқауында 3 орын иегері қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған Республикалық олимпиада 2 орын қалалық биология пәнінен өткен олимпиада 2 орын иегері
  4. Такилова Зарина – Республикалық «Ұлы дана ұрпағы» өнермен байқауының 1 орын жеңімпазы «Мен және менің айналамдағы әлем» облыстық сурет байқауынан Алғыс хат. Республикалық моншақтар әлемі байқауының 1 орын иегері.
  5. Кантаева Аружан – кенгуру математика барлығы үшін Халықаралық зияткерлік конкурсында 1 орын. ҚР кіші ғылым академиясының 24 ші облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясында 2 орын иегері.
  6. Жандырбай Әділет – ҚР кіші ғылым академиясының облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясында мақтау қағазы. «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының 3 орын иегері.
  7. Есенғарина Гаухар – «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында 1 орын. «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсында 3 орын иегері
  8. Серікова Зарина - «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсында 1 орын. Тілдер мерекесіне орай «Әр елдің ана-тілі білімнің кілті» эссе байқауы 3 орын иегері
  9. Рсалина Айгерим – Республикалық биология пәнінен өткен олимпиаданың 1 орын,Республикалық ұлттың интернет олимпиядада география пәнінен ұйымдастырлған олимпиада 3 орын иегері.
  10. Ануар – Бокстан облыс чемпионатынан 2 орын жүлдегері. Ашық Республикалық турнирдің 2 мәрте жеңімпазы.
  11. Жеңіс Махаббат – Дзюдо дан Халықаралық және Республикалық өткен турнирлардың жеңімпазы.

 

Жүргізуші-1:

Асыл ойлы ұстаздардың барында

Табыс тасып айналады қырманға

Ел үміті ақталмауы мүмкін бе,

Дәл осындай ұл-қыздары тұрғанда!дегендей  алдарыңызда

11 «б»класы,класта 26 оқушы , класс жетекшісі Кудьярова Жанар Мухамбетказиевна

Алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұрған түлектер жетістіктерімен ұстаздарын қуантты.

  1. Тлекқабылова Ару-қоғамдық жұмыстардың белсенді ұйымдастырушысы
  2. Имағамбетова Мерейлі-ағылшын тілінен республикалық Дарын олимпиадасының жеңімпазы.
  3. Гафур Алькен – қалалық деңгейдегі спорттық сайыстардың жүлдегері.
  4. Бақыт Ғалымбек – жекепе жек спорт түрінен жүлдегер орын иегері.
  5. Тілектесов Мирас – Бокстан Халықаралық, Республикалық деңгейдегі өткен сайыстардың жүлдегері.
  6. Қайыржанова Назира – дарын олимпиядасының I, II орын жүлдегері, Республикалық Абай оқуларының II орын иегері.
  7. Мағауина Айдана – Республикалық Абай оқулары сайысының жүлдегері.
  8. Мажитова Альбина – қалалық деңгейде өткен ұлттық ойындардың жеңімпазы.
  9. Умаргалиева Лейла – математика – химия пәндерінен облыстық, қалалық пәндік олимпиядалардың жеңімпазы.
  10. Әділгереева Амира – суретші, сурет өнерінен бірнеше Халықаралық сайыстардың жүлдегері, ЮНЕСКО паспортының иегері.
  11. Елемесова Әсем – өнерлі - суретші, қалалық көркем сурет лицейінің түлегі.
  12. Абилгазиева Дильназ – өзін - өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі, мектеп көшбасшысы.
  13. Сапарова Алтынай – мектебіміздің биші – әнші және белсенді оқушысы.
  14. Тілешов Аңсар - өзін - өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі.

Бүгінгі мерекелік салтанатты жиынға келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.____________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші-2:

Мектебімнің қиынына күйгені,

Табыстарға мәз - мәйрам боп жүргені.

Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі және «Алтын белгі»иегерлері мен «Үздік аттестат»иегерін құттықтау үшін мектебіміздің басшысы Амитжанова Индира Базаралықызына  беріледі.

Ән: Алдарыңызда «Болашағы елімнің !»әнімен Жаңабай Алиханды қабыл алыңыздар!

Жүргізуші-1:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне,болашақ күнге жол ашып,

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

Жүргізуші-2:

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген - өмірге берген жолдама.дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Аттестат тапсыру құрметін мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызына беріледі (аттестат табысталады )

ӘН: Мектеп түлегі       Такилова Заринаның орындауында «Бір үйдің баласындай»                                                  

Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші-2:

Ардақты асыл мекен мектебіме

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегіқұрметті қонағымыз беріледі.

Жүргізуші-1:

Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді есте мәңгі сақтадым.

Жүрегімде нұрын құйған жылылық,

Көрген емес ешқашанда суынып.

Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздары атынан бастауыш сынып ұстазы Шакирова Бибізада Химанқызына  беріледі.

(Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: (сөз сөйлейді)

Жүргізуші-2:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнді жолдаймыз.

Ән:  Мектеп түлектерінің орындауында «Мың алғыс саған ұстазым!»                                                                                                                    

Жүргізуші-1:

Ата - ана тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата - аналары атынан  Батырғарина Лиза Мұхамбедсадыкқызына беріледі.

Жүргізуші-2:

Мектепке келгелі достармен,

Өтіпті талай жаз, талай қыс.

Сондағы сыныптас достармен,

Қалайша, қалайша тараймыз.

Қаз - қатар тізулі партамыз,

Тақтада ілулі картамыз.

Он бір жыл білімге үйреткен,

Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе

Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі алтын белгі иегері Нұрлыбек Нұрлыға  беріледі.

Мектеп бітіруші түлектердің орындауында 

ХОР «Қош бол алтын ұя мектебім!»                                                                       

Жүргізуші-1:

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп, ана болып та көріндің.

Мектеп тұлектеріне жүрек жарды тілектерін тілей отырып, класс жетекшілерінің ленте кесу рәсімін қабыл алыңыздар

Жүргізуші-2:

Жолың болсын, ардақты түлектерім,

Дүрсілдеп соғып та тұр жүректерің

Тәлімді тәрбие мен білім жиып

Жол жүргелі тұрсыңдар, шәкірттерім.

Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді,

Ұстазыңды, балалық шақ көктеміңді.

Орындап мақсат - міндет, арманыңды

Жасай бер, туған елге еңбегіңді.

Жүргізуші-1:

Әрқашан сәтті жол болсын Сапарларыңыз оң болсын деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.

Қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Тәуелсіздік ұландары !» атты салтанатты жиыны аяқталды!

БІРГЕ: Қуанышты күндерде жүздескенше сау-саламатта болыңыздар!