"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
2021-2022 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі

2021-2022 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі

Өткізілетін күні: 01.09.2021ж

Өткізілетін уақыты: 10. 00
Қатысушылар:Мектеп әкімшілігі,қонақтар,ата-аналар, 1 класс бүлшіндері

Көрнекілігі: Банер,шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура

ФАНФАР

1 - Жүргізуші:

Күзгі күн шуақ шашады,

Жаз бітіп,жетті қыркүйек

Басталды білім сапары

Мектепке думан дүркіреп.

2 - жүргізуші:

Лүпілдеп соқты жүректер,

Шалқыды көкке Әнұран

Шат күлкі,аппақ тілектер

Естіліп мектеп маңынан

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр.

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды 

Солар жаққа бұрайық.

Балғындарды базарлы

Қарсы алып,қол ұрайық!

2-жүргізуші:

Жарқырап аппақ жүзі де.

Күлімдеп мөлдір көздерің

Сандығын ашып білімнің,

Ұстатар кілтін ұстазың.

Алдарыңызда 1 «А»класы

класта-24 оқушы

Класс жетекшісі: Калмангарина Анар Жұмақызы-жоғары білімді,еңбек өтілі-18 жыл,педагог-сарапшы,

Мақсаты-Жас ұрпаққа білім беріп,алғаш қалам ұстатуда өз уақытын аямаған,бала бақытын аялаған ұлағатты ұстаз.

 

1-жүргізуші:

Ардақты абзал ұстазың,

Мейірімге толы құшағы

Көрсеткен сара жолымен

Биікке самғап ұшасың,

Алдарыңызда 1 «ә»класы, класта-24 оқушы

Класс жетекшісі: Есеналина Сауле Советовна-жоғары білімді, еңбек өтілі-34 жыл,жоғары санатты,педагог-зерттеуші,

Алға қойған мақсаты-Бала жүрегіне жол тауып,ел ертеңін ұстайтын,рухани сауатты,жоғары мәдениетті,саналы білімді,Отансүйгіш Азамат тәрбиелеу,

 

2-жүргізуші:

Балдырғандар келіңдер

Білім үйін көріңдер

Әріптерді таныңдар,

Бәрін жаттап алыңдар

Алдарыңызда 1 «Б»класы

Класта-20 оқушы

Класс жетекшісі-Калмурзаева Нурсулу Даулетбаевна-жоғары білімді,еңбек өтілі-11 жыл, педагог –сарапшы

Мақсаты-Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын,мәдениетті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың

Жоғалмасын ата-салтың,ғұрыптарың,

Кір келтірме ата-ана,ұстазыңа

Білім берер алтын ұя мектебіңе

Алдарыңызда 1 «В»класы,

класта-20 оқушы

Класс жетекшісі-Бибитова Венера Сактағановна-жоғары білімді, еңбек өтілі-20 жыл,2 санатты ұстаз

Алға қойған мақсаты- жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде білі алушылардың оқу әрекеті қалыптасу деңгейін зерттей отырып,бойында адамгершілік қасиеттерін дамыта,шығармашылыққа жетелеу.

1 - Жүргізуші:
Зор қошеметпен 1  қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Хасенов А: Мектеп !!!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына түзеліңдер!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалсын!

2 - Жүргізуші:
2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ.

( 4 оқушы шығып «Тәуелсіздік» өлеңін мәнерлеп оқиды)

Ән: «Қазақстаным менің» 

1-жүргізуші:

Тек жүректен арналған сөзімізде,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз,

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналған тілегіңіз - деп құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызына беріледі.

2- жүргізуші:

Жандары қаламайтын аласаны

Шәкірттер алда талай бел асады

Әлемге туған халқын танытатын

Бүлдіршіндер еліміздің болашағы!-деп ортаға мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 класс бүлдіршіндерін шақырамыз!

( оқушылар шығып тақпақтарын айтады)

1-жүргізуші:

Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

\Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді,деп сөз кезегін бүгінгі салтанатты жиын қонағы ______________________________________________________________________________________________________беріледі.

2-жүргізуші:

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар, дегендей «Қош келдің,Әліппе!»әнін қабыл алыңыздар!

(Ән айтылады , Әліппе қыздар билейді.ән аяқталғасын)

 

Қыз: Қош келдің Әліппе!

Әліппем менің, әліппем.

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің 

Ертеңгі сәуле жарықпен. 

Әліппе: Саламатсыңдар ма, Балалар!

Әліппе –білім анасы,

Әліппе кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған

Адам барма баласы. 

Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын!

Мен сендерге қайта оралдым,

Енді мен сіздерді білім нәрімен сусындатып, білім алуға шақырамын!

Мен сіздерге Әліппе оқулығын сыйлаймын)

1-жүргізуші: Олай болса,ӘЛІППЕ оқулығын табыстау рәсімі мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызына беріледі.

( Әліппе оқулығы таратылады)

1 жүргізуші:

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын

Толтырып бір арна, бір жырға.

Шаттықтың үніндей мәңгілік

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Қуаныш әніндей жаңғырып

Жүректер ақ нұрға соғылсын.

2- жүргізуші:

Алғашқы қоңырау соғу салтанаты  мектебіміздің үздік түлектері Ержанов Бекнұр, Дермуханова Томирис, Жанабаева Камила, Турганбаева Диана және мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер Қожаниязов Ибрахим,Ердешева Айзере,Баетов Бейбарыс, Сисенбай Жанеркеге беріледі.

1-жүргізуші:

Ақ жол, бүлдіршіндер!

Біліммен асып тасайық!

Тілеуін берсін көк көптің

Тілекпен осы ашайық!

Есігін енді мектептің

2-жүргізуші:

Ендеше балғын балалықпен қоштасып,мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-класс оқушылары мен алғашқы ұстаздарын қошеметпен қол соғып, «Қош келдің Әліппе!»сабағына шақырамыз

(1 кластарды мектепке кіреді) айтылмайды

 

1-жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар! Ата-аналар мен Кішкентай бүлдіршіндер !

Жаңа 2021-2022 оқу жылы құтты болсын!

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы  құтты болсын!

2-жүргізуші:

Жаңа оқу жылында мектебімізідің абыройын асқақтатып,шығармашылық табыстарға жетіп,білімнің биік шыңынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!

Бірге: Жаңа оқу жылы құтты болсын!