«Қош келдің Алтын күз!»мерекесіне орай
«МИСТЕР және МИСС -2021»байқауының сценарийі
Өткізілетін күні:29.10.2021ж
Өткізілетін уақыты:сағ15.00
Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу.
Фанфар
1-жүргізуші: Әсем , Амансың ба? Табиғат - күллі -тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, Алишер!
Дұрыс айтасың ! Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Қош келдің,Алтын күз - 2021» мерекесімен құттықтаймыз.
1-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
2-жүргізуші:
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
1 – жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
«MISTER & MISS - 2021» күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Кешті жүргізуші мектеп түлегі,республикалық,облыстық пәндік олимпиадаларының жүлдегері,көрікті,сымбатты жігіт, 11 «ә»класының оқушысы Алиев Алишер Серікұлы!
1-жүргізуші:Қазағымыздың қарапайым сұлу қызы, 10 «а»класының оқушысы, республикалық олимпиадаларының жүлдегері Құрманқұлова Асем Айбекқызы!
2-жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» анықтау.
1 – жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды зор қошеметпен ортаға шақырамыз.
- «Б» класының Ханзадасы мен ханшайымы Абдибаев Арнар және Мусина Аяулы
- «А» класының Ханзадасы мен ханшайымы Баймуханов Нурадил мен Карасаева Дариға
3.11«Ә» класының Ханзадасы мен ханшайымы Құдайбергенов Серік және Боранбай Ақерке
4.11 «Б» класының Ханзадасы мен ханшайымы Жисов Жеңіс және Жанабаева Камилла
2 – жүргізуші:
Сіздердің өнерлеріңізге әділ бағасын беріп,ой бөлісер әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кыныртаева Айгул Жаксылыковна
- Музыка пәнінің мұғалімі Жәшібай Салтанат Тасболатқызы
- Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бижанова Индира Накеновна
1 – жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік.
1-кезең Таныстыру (байқауға қатысушы жұп өздерін бейнефильмдер немесе презентациялар арқылы таныстырады)
2-кезең«Өнерің өрге жүзсін» (сайысқа қатысушы жұптар өз өнерлерін көрсетеді)
3-кезең: «Күзгі вальс»
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз!
Ортада 1 – ші жұп!
1.10«Б» класының Ханзадасы мен ханшайымы Абдибаев Арнар және Мусина Аяулы
2.11«А» класының Ханзадасы мен ханшайымы Баймуханов Нурадил мен Карасаева Дариға
3.11«Ә» класының Ханзадасы мен ханшайымы Құдайбергенов Серік және Боранбай Ақерке
4.11 «Б» класының Ханзадасы мен ханшайымы Жисов Жеңіс және Жанабаева Камилла
2 – жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Қатысушы жұптарға кезек берейік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
- 10 «Б» класс оқушылары Абдибаев Арнар және Мусина Аяулым
- 11 «А» класс оқушылары Баймуханов Нурадил мен Карасаева Дариға
- 10 «Ә» класс оқушылары Құдайбергенов Серік және Боранбай Ақерке
- 10 «Б» класс оқушылары Жисов Жеңіс және Жанабаева Камилла
1 – жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 3 – кезең: «Күзгі вальс»
Ортаға жұптарды шақырамыз.
2 – жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізеді мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
««MISTER & MISS - 2021» » байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/merekelik-sharalar/626-osh-keldi-altyn-k-z-merekesine-oraj-mister-zh-ne-miss-2021-baj-auyny-stsenariji-29-10-2021-zhyl.html#sigFreeId39b659fa8d
1 – жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен ««MISTER & MISS - 2021» атты кешіміз аяқталды!
БІРГЕ:
Қуанышты күндерде жүздескенше , қош - сау болыңыздар!