«Алғыр алтау» интеллектуалды ойын
Күні: 25. 11. 2021,
Уақыты: 11:00
Класы: 6 кластар
Мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 6 класс оқушыларына ұйымдастырылған «Алғыр алтау» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңыздар.
Ойынға 4 топ қатысады.
- 6 «а» класы «Бірлік» командасы
- 6 «ә» класы «Сұңқар» командасы
- 6 «б» класы «Алау» командасы
- 6 «в» класы «Болашақ» командасы
«Алғыр алтау» интеллектуалды сайысына әділ бағаларын беретін әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Таяуова Салтанат Жұбатқанқызы;
- Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Кыныртаева Айгул Жаксылыковна;
- Мектеп кітапхана меңгерушісі – Конырова Нурсауле Мыктыбаевна.
Ойын ережесімен таныс болыңыздар. Ойын 4 айналымнан тұрады.
I – тур: «Сұрақ – жауап»
II – тур: «Кім тапқыр» (ребустар шешу)
III – тур: «Ұшқыр ой»
I V– тур: «Ойлан, тап»
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І айналым:
- Мемлекеттік рәміздерге не жатады? (Әнұран, елтаңба, ту)
- Елтаңбаның авторлары? (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов)
- Тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
- Елтаңбаның негізі... (Шаңырақ)
- Мемлекеттік тудың түсі қандай? (көгілдір түсті)
- Тудың ортасында не бейнеленген? (Арайлы күн, қыран)
- Тудың ені ұзындығының жартысына тең? (Дұрыс)
- Қанатты тұлпар қай рәмізде бейнеленген? (Елтаңба)
- Әнұранның әнін жазған автор? (Шәмші Қалдаяқов)
- Әнұранның сөзін жазған авторлар? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
- Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар? (Қазақстан)
- Күн, арай, қыран және ою – өрнек қандай түсті? ( Алтын түсті)
- Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды? (2006 жыл)
- «Әнұран» терминінің өзі нені білдіреді? (Салтанатты өлең)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қашан? (4 маусым)
- Әнұран орындалған кезде қандай тәртіп болу керек? (Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар тұрып және сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек)
- Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (1992 жыл)
- Қазақстанның туында қандай ою бейнеленген? (Қошқар мүйіз)
19.Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнеленген? (Қос пырақ, Қазақстан жазуы, шаңырақ, уық, бес жұлдыз)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді? (Президент резиденциясында, Үкімет үйінде, барлық мемлекеттік мекемелерде)
ІI айналым:
«Кім тапқыр» (ребустар шешу) яғни алдарыңызға берілетін сөйлемді қарсы командаға «Ребус» ретінде көрсетесіздер. Ресбусты құрастырған команда және ребусты шешкен қарсы команда да бағаланады.
ІII айналым:
«Ұшқыр ой», бұл айналымда әр бір топқа бір сөз беріледі. Ойланып сол сөзден, бірнеше сөздер айтасыздар.
ІVайналым:
«Ойлан, тап» бұл айналымда, ұяшықтарда Ақтөбе қаласындағы ескерткіш суреттер жасырылған, сіздер командалар ойланып нақты мекен-жайы мен орналасқан орны бойынша айтасыздар.
5 «Ә» класс оқушысы Шотова Әлияның орындауындағы «Елім менің Қазақстан» әнін тамашалыңыздар.
Келесі сөз кезегін сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ – қазылар мүшесіне береміз!
Қорытынды
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.