"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Мен елімді сүйемін» париоттық әндер байқауының сценариі 04.12.2021 жыл

«Мен елімді сүйемін» париоттық әндер байқауының сценарийі 

Күні: 04. 12. 2021

Қатысатын класс: 1-11

Уақыты: 10:00

Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.

Жүргізуші:

Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ. Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! 

Көп ұлттардың бір кісідей мандай терін төккен жер!  Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Сіздердің назарларыңызға мектеп оқушылары арасында өткелі отырған «Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер! Бүгінгі байқауымызды ашық деп жариялаймыз! 

ҚР Әнұраны орындалады. 

Жүргізуші: 

Құрметті көрермендер! Біз патриоттық әндер конкурсына қатысатын 1 және 8 класс оқушыларының өнерлерін тамашалайық.

Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Тәуелсіздік» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады.

Жоғарғы ұпай 10

Төменгі ұпай   5

Енді «Патриоттық әндер» конкурсына әділ бағасын беретін, әділ – қазылар алқасымен таныс болайық! 

  1. Әділ – қазылар алқасының төрайымы – музыка пәнінің мұғалімі Жәшібай Салтанат Тасболатқызы.
  2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыныртаева Айгул Жаксылыковна
  3. Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Конырова Нурсауле Мыктыбаевна.

Жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,

Ән шырқап, би – билеуден қашпайық біз.

Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,

Сонымен кешімізді бастайық біз.

Жүргізуші:

Сайысқа қатысушы оқушыларды қошеметтеп ортаға қарсы алайық:

  1. 1 «А» класс бүлдіршіні Серғазы Айша
  2. 1 «Ә» класс бүлдіршіні Изғалиева Айлана
  3. 2 «Ә» класс оқушысы Шотова Айару мен Арай
  4. 2 «Ә» класс оқушысы Кенжегулова Райиан
  5. 2 «Б» класс оқушысы Жеңіс Әли
  6. 2 «В» класс оқушысы Бекболат Кәусар
  7. 3 «В» класс оқушысы Шуақбаева Арайлым
  8. 4 «Ә» класс оқушысы Нұржан Елдана
  9. 4 «Б» класс оқушысы Мәлік Інжу
  10. 4 «В» класс оқушысы Мадиұлы Мадияр
  11. 5 «А» класс оқушысы Ерназар Уәлиахмет
  12. 5 «Ә» класс оқушысы Асанова Даяна
  13. 5 «Ә» класс оқушысы Шотова Әлия
  14. 5 «Б» класс оқушысы Ахметова Амина
  15. 5 «В» класс оқушысы Байзулла Аяна
  16. 6 «Ә» класс оқушысы Айпанов Аян
  17. 6 «Б» класс оқушысы Мухаметшина Ақерке
  18. 6 «В» класс оқушысы Серікова Айжан
  19. 7 «А» класс оқушысы Сапина Амина
  20. 8 «А» класс оқушысы Азаматова Диляра

Жүргізуші: 
Қазақстаның көк байрақты нұрлы елім, 

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім, 

Өзің менің қуынышым, бақытым, 

Өзің менің тынысым да тірегім! 

Сіздердің алдарыңызда  1 «А» класс бүлдіршіні  Серғазы Айшаны «Тәуелсіздік ел ұраны» әнімен қабыл алыңыздар. 

Жүргізуші: 
Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! 

Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын, 

Таңымды тамылжытқан әсем әнмен 

Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін! 

1 «Ә»  класс бүлдіршіні  Изғалиева Айлананы  «Қазақстаным Отаным!» әнімен қарсы алыңыздар. 

Жүргізуші: 

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап қалды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша көзіме кеп ілінді!

2 «Ә» класс оқушылары Шотова Айару мен Арайдың орындауларында «Әнұран мен Елтаңба» әнімен қабыл алыңыздар. 

Жүргізуші: 

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің, 

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. 

Болашақ ұрпағының бақыты үшін, 

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! 

2 «Ә» класс оқушысы Кенжеғулова Райианды    «Егеменді елім - Қазақстан»    әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: 
Дастаным бар балбал тасқа қашаған,

Аспаным бар ала бұлттан босаған. 

Асылына ие болған Алаштың,

Айналайын менің алтын босағам.

2 «Б» класс оқушысы Жеңіс Әлиді  « Жас дәуірдің түлегіміз»   әнімен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің 

Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің 

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің 

2 «В» класс оқушы Бекболат Кәусарды «Тәуелсіз Қазақтың қызымын» әнімен қабыл алыңыздар! 

Жүргізуші: 
Аман боп халқымыз мәңгілік, 

Жүрейік достықта сән құрып. 

Бірлік пен ынтымақ нығайса, 

Атады әрқашан таң күліп. 

Ортада  3 «В» класс оқушысы Шуақбаева Арайлымды  «Балдырғандар»  әнімен қарсы алайық. 

Жүргізуші: 
Көк байрағым желбірейді елімде, 

Қалықтасын қыран құсы көгімде. 

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі, 

Әуелесін Қазақстан жерінде 

4 «Ә» класс оқушы ортаға   Нұржан Елдананы «Тәуелсіз ел ұраны»  әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші: 

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан – Гүлістан!

4 «Б» класс оқушы ортаға   Мәлік Інжуді  «Туған жер»  әнімен қарсы алаңыздар.

Жүргізуші:

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжірейді.

Мұнан ыстық, жалын – от бар ма сірә,

Отан – әнмен жүрегім тербеледі.

4 «В» класс оқушысы Мадиұлы Мадиярды «Көк тудың желбірегені» әнімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік тіршілігімнің айғағы,

Татулығым бірлігімнің айғағы.

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлі де бар ұрпағымның арманы

Ортада  5 «А» класс оқушысы Ерназар Уәлиахметті  «Мен Қазақпын»  әнімен қарсы алайық! 

Отаным менің кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар қәне артық дейтін қазақтан?!

5 «Ә» класс оқушысы Асанова Даянаны  «Алға Нұр Отанға»  әнімен ортаға шақырамыз. 

Жүргізуші:

Қазақстаның көк байрақты нұрлы елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,

Өзің менің қуынышым,бақытым

Өзің менің тынысым да тірегім!

5 «Ә» класс оқушысы Шотова Алияны  «Елім менің Қазақстан»  әнімен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Армысың ата – қоныс, атамекен,

Киелі қасиетті туған өлкем

Саған деген сенімім, сағынышым,

Жыр болып төгіледі жүрегімнен.

5 «Б» класс оқушысы Ахметова Аминаны «Ақтөбе» әнімен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: 
Ел тұрады шаттық, қойып көңілге 

Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде 

Ірге тасын жатыр берік қаланып 

Бетті бұрдық алға-жарқын өмірге! 

5 «В» класс оқушысы Байзулла Аянаны «Қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар. 

Жүргізуші:

Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,

Қаһарманы заманының бұлы енді

Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,

Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.

«Мен қазақтың ұлымын» орындайтын 6 «Ә» класс оқушысы Айпанов Аян.

Жүргізуші:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған.

6 «Б» класс оқушысы Мухаметшина Ақеркені «Тәуелсіз Қазақтың қызымын» әнімен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата – баба рухына.

«Мир без войны»  орындайтын 6 «В» класс оқушысы Серікова  Айжан.

 

Жүргізуші:

Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,

Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.

Байрағым желбіреп тұр биіктерде,

Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!

7 «А» класс оқушысы Сапина Аминаны  «Кукушка» әнімен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Астанам – нұрлы астанам, 

Гүл жайнаған жас қалам. 

Егеменді елімді,

Болашаққа бастаған.  

«Атамекен»  орындайтын   8 «А» класс оқушысы  Азаматова Диляра.

Қорытынды.

Жүргізуші:

Бүгінгі өткен «Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы патриоттық әндер сайысына қатысушы үміткерлерімізді толықтай тыңдап шықтық. Әділ қазылар алқасы, әділ баға береді деп сенеміз!

Жүргізуші:
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым, 

Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. 

Байрағым желбіреп тұр биіктерде, 

Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келе ендігі сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі. 

Жүргізуші: 

Хор «АТАМЕКЕН!»

Жүргізуші:

Бүгінгі «Мен елімді сүйемін» патриоттық әндер атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Байқауымызды жабық деп жариялаймыз!  Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.