"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш сценариі 15.12.2021 жыл

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

 

 

Күні: 15. 12. 2021

Уақыты: 11:00

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Барысы:

1 - жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


2 - жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


    № 39 қазақ  орта жалпы білім беру мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар!


Оқушылар сәлемдемесі (4 а класс оқушыларын ортаға шақырамыз)


1 - жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


Ән «Егемен ел Қазақстан!» орындайтын 2 «Ә» класс оқушысы: Кенжегулова Райиан.


2 - жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой - қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық.


«Адай» күйі. Орындайтын: 11 «Ә» класс оқушысы Омар Дастан.

 

1 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Ән «Әнұран мен Елтаңба» орындайтын 2 «Ә» класс оқушылары Шотова  Айару мен Арай.

 

2 - жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1 - жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Мен қазақтың қызымын!» орындайтын: 2 «В» класс оқушысы Бекболат Кәусар.

2 - жүргізуші:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып.
Бұғаудағы боздақтары кете барды,
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.

 

 

1 - жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні, бұлақ жатыр бұрқырап.
Ән: « Отан»  орындайтын: 5 «Ә» класс оқушысы Асанова Даяна.

 

2 - жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: «Елім менің Қазақстан!» орындайтын: 5 «Ә» класс оқушысы Шотова Әлия.

1 - жүргізуші:

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжірейді.

Мұнан ыстық, жалын – от бар ма сірә,

Отан – әнмен жүрегім тербеледі.

Ән: «Қазақ вальсі » орындайтын: 5 «В» класс оқушысы Байзулла Аяна.

2 - жүргізуші:

Тәуелсіздік тіршілігімнің айғағы,

Татулығым бірлігімнің айғағы.

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлі де бар ұрпағымның арманы

«Ақ сиса» әнін флейта аспабымен орындайтын: 6 «Ә» класс оқушысы Молдағалиев Бахытжан.

1 - жүргізуші:

Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,

Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.

Байрағым желбіреп тұр биіктерде,

Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!

Ән: «Мир без войны» орындайтын: 6 «В» класс оқушысы Серікова Айжан.

 

 

2 - жүргізуші:

Ел тұрады шаттық, қойып көңілге 

Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде 

Ірге тасын жатыр берік қаланып 

Бетті бұрдық алға-жарқын өмірге! 

Ән: «Туған жер» орындайтын: 7 «А» класс оқушысы Сапина Амина.

1 - жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.


Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.


Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!