«Елім деп соққан жүрегім»
жаңа жылдық мерекелік кеш
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты шағын мерекелік концерт
Күні: 30. 12. 2021
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: «Мәжіліс залы»
Хор
«Атамекен»
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар мен балдәурендіктер! Көп ұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің дәлелі болып табылады. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.
1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,- дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралықызына беріледі.
2-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,
Отыз жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.
1-жүргізуші: "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. Сарсенғалиева Айгерім мен Ерсаева Әселдің орындауларындағы «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!
2-Жүргізуші: Ата –бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкке желбіреді.
1-Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмас.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қабылбаева Арайлымның арнауын қабыл алыңыздар!
2-Жүргізуші: Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Ән «Тәуелсіз қазақтың қызымын» орындайтын Молдашева Гауһар Мұхиятқызы.
1-Жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.
(Жұмабекқызы Динара, Сапина Аружан, Арайлымның көркем сөздер оқиды)
2-Жүргізуші: Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған,
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған.
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын,
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын.
Азаматтарымыздың арқасында ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.Халқымның ар – намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбектері ақталды.
1-жүргізуші: Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын.
2-жүргізуші: Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты шағын мерекелік кешіміздің, мерекелік құттықтау сөз кезегін мектебіміздің «Кәсіподақ» ұйымының төрайымы және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыныртаева Айгул Жаксылыковнаға беріледі.
Қорытынды:
1-Жүргізуші: Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбітшілік тілейміз! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
БІРГЕ
Келесі кездескенше күн жақсы болсын!