"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Дәстүрімнің балқаймағы - ӘЖЕЛЕР!» атты байқау 16-наурыз 2022 жыл

16.03.2022ж. «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында «Дәстүрімнің балқаймағы – ӘЖЕЛЕР!» атты байқау өткізілді.

Байқау мақсаты: Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. 

Сайыс кезінде әжелеріміз қазақтың қымыз-мұрындық, бесікке бөлеу, ұршықпен жіп иіру сияқты салт-дәстүр, өнер түрлерін көрсетті. Сонымен қатар өздерінің қолдарынан шыққан ұлттық тағамдары мен қолөнер жұмыстарын ұсынды. Және де әжелер мен олардың немерелері өздерінің ерекше өнерлерімен барша көрермендерді тәнті етті. Сайыс барысында әсем әндер шырқалды, би биленді. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.