"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ» сайысы өтті 17-наурыз 2022 жыл

17.03.2022ж. «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ» сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің 9-11 класс ербалалары қатысып, өз күштерін, өнерлерін сынады.

Сайыс 6 бөлімнен тұрды:

1-бөлім : «Тегімді менің сұрасаң...» өзін-өзі таныстыру;

2-бөлім: «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы;

3-бөлім: «Көркіне ақылы сай» салт-дәстүр туралы сұрақтарға жауап беру;

4-бөлім: «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу;

5-бөлім: «Күш атасын танымас»  12 кг гір тасын көтеру сайысы;

6-бөлім: «Тығырыққа тірелгенде» сайысы.

Сайыс нәтижесі бойынша 10 А класс оқушысы Қабылжан Алимир бас жүлдеге ие болып, мектебіміздің ЖІГІТ СҰЛТАНЫ атанды.

1-орын: 11 ә класс оқушысы - Құдайбергенов Серік

2-орын: 9 б класс оқушысы - Күнтуар Али

3-орын: 11 б класс оқушысы - Бақтығали Аслан жеңіп алды.