"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Үлгілі келін - 2022» байқауы 18-наурыз 2022 жыл

18.03.2022ж. күні 22-наурыз мерекесіне орай №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің жас мұғалімдері арасында «Үлгілі келін - 2022» байқауы өткізілді. 

Байқау мақсаты: Жанұядағы ата-ене, қайынсіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту; Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.

Сайыс кезінде жас келіндер өрнекті сөз, көрікті оймен өздерін таныстырды. Өнерлерін көрсету арқылы шығармашылық қабілеттерін паш етті. Сонымен қатар өздерінің әзірлеген тәтті тағамдарын ұсынды.

Салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында баланы бесікке салу және тұсау кесу рәсімдерін көрсетіп, бір-бірімен сайысты. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені мектебіміздің химия пәні мұғалімі Сәрсенгалиева Айгерім жеңіп, «Үлгілі келін - 2022» номинациясына ие болды. 1-орын: Санкеш Жаннұр мен Әділова Наташа, ал 2-орынға Бақтыбаева Айгүл мен Құлшаева Гүлдана ие болды.