"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілді 2022 жыл

«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Көктемгі пейзаж» сурет байқауы, «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!» атты қолөнер көрмесі, домбыра рarty, бауырсақ рarty шаралары өткізілді. Сонымен қатар мектеп акт залында мектеп оқушылары қазақ халқының дәстүрлерін дәріптеу, сақтау мақсатында қыз ұзату, құда түсу, тұсау кесу, бата беру және тағы да басқа көріністер қойды. Және де мерекеге орай 1-11 кластарда танымдық сабақтар өткізілді, ұлттық ойындар ойнатылды. Аталмыш шараларға мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үлкен белсенділікпен қатысты.